Қазақстан құрамасы халықаралық география олимпиадасында ел намысын қорғауда » «№229 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№229 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(777) 279-45-83
Ұялы телефон:
+7(702) 585-52-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан құрамасы халықаралық география олимпиадасында ел намысын қорғауда
21
тамыз
2026

Қазақстан құрамасы халықаралық география олимпиадасында ел намысын қорғауда

11-17 тамыз аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында мектеп оқушылары арасындағы IGeO-2026 халықаралық география олимпиадасы өтіп жатыр.
Беделді зияткерлік жарыста қатысушылардың теориялық білімі, картографиялық талдау, далалық зерттеу және географиялық ойлау дағдылары бағаланады.
Қазақстанның ұлттық құрамасы республикалық география олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен жасақталған. Ел намысын төрт оқушы қорғауда:
• Енбахтов Андрей - Қостанай қаласындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
• Дарынов Амир - Шығыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
• Бекбол Дарын - Жетісу облысындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы;
• Козленко Алан - Шығыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері - республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері Дүйсен Абай және NU студенті Искендиров Алмас.
Қазақстандық оқушылар IGeO олимпиадасына 2012 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама әлемдік командалық рейтингте тарихи екінші орын алып, екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды. Осы жылдар ішінде жас географтар 5 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль иеленді.
Қазақстан құрамасына сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив